6 ақпанда еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде Атырауда да Қазақстан халықтары ассамблеясы жылының ашылуын білдіретін акция өтті.
ҚХА жылының ресми ашылуы «Жайық» спорттық-мәдени кешенінде өтті. Шараға шенеуніктермен қатар соғыс ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, студенттер жиналды. Облысымызда тұратын түрлі халықтар өкілдерінің ән айтып, бибилеулері айтулы іс-шараны әдемі де әсерлі күйге бөледі. Ал М. Өтемісұлы атындағы драма театрының әртістері Қазақ хандығының 550 жылдығынтойлаудың басталуына орай дайындаған қойылым көрсетті.
ҚХА жылы аясында Атырауда тағы бір оқиға өтті – Қазақстан халықтары ассамблеясының институты ашылды, ол АМУ базасында жұмыс жасамақ.
ҚХА жылы ішінде Ассамблеяның он республикалық байқауы өткізіледі, ал оларды желтоқсан айында болатын Қазақстан халықтары форумында қорытындылайды. Қандай байқаулар өтіп, оған қалай қатысуға болатындығы жөнінде кейін хабарланады.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор