5 ақпаннан бастап ҚР энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау комитеті өзінің kaenk.gov.kz сайтында «Қазақстан қалаларының жылумен қамтылу жағдайы» кестесін жариялады.
Сайтта Жылу маусымына дайындық және өткізу қағидаларына сәйкес жылумен қамту ұйымдары жыл сайын 1 қыркүйекке дейін гидравликалық және температуралық параметрлер кестесін дайындап, жергілікті атқарушы органдардың келісімін алулары керек. ҚР «Электр энергетикасы туралы» Заңының 9-1 бабы 5 тармағына сәйкес магистралды және тарату құбыр желілеріндегі жылытуға арналған жылу қуаты параметрлері белгіленген температуралық кестеге сай болуы қажет.
Электр станциясын және желілерін техникалық пайдалану қағидасының 547-тармағына сәйкес,су жылу желісінің берілетін желісіндегі су температурасын жылумен жабдықтау жүйесі үшін бекітілген температура кестесіне сәйкес сыртқы ауаның орташа температурасы бойынша беріледі. Жылу желісінен берілетін кері судың орташа тәуліктік температурасы берілген кестеден 3 % ғана асуы мүмкін.
Сайт деректері бойынша бүгін, 6 ақпанда «Атырау ЖЭО» АҚ температуралық кесте талаптарын сақтап отырған жоқ (http://kaenk.gov.kz/index.php/ru/news/6154). Ашып айтқанда, батареялар жеткілікті жылытылмайды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ