Атырау, 28 қараша 04:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Теңіздегі БКЖ жобасы «оңтайландырылады»

2 944 просмотра

ҚР энергетика министрі Владимир ШКОЛЬНИК Атырау облысына жасаған жұмыс сапары кезінде осындай мәлімдеме жасады.

- Болашақ кеңейту жобасының құнын төмендетуге қарай оңтайландыру жұмыстары жүріп жатыр және жыл аяғына қарай біз оны бекіту туралы шешім қабылдаймыз, - деді В. Школьник.

«АЖ»: Жобаны оңтайландыру мұнай бағасының төмендеуімен байланысты ма?

- Қашан да оңтайландыру жұмыстарын жүргізу керек, мына жоба құнының керемет оңтайландырылғанын қараңыздаршы (әңгіме кәсіпкер Владимир РОЗМЕТОВТЫҢ ешкі фермасы жайында – Л.С.).Сатып алулар қысқартылып, аралық, делдалдық ұйымдардан бас тартылған. Мұны барлық жерде үлгі тұтуымыз керек.

Ол сондай-ақ, 2014 жылы мұнай және газ секторында тауарлар мен қызметтер көлемі 3 трлн теңгені құрағанын және оның 54%-ы қазақстандық мазмұн екенін хабарлады.

Қашаған бойынша:

- 2013 жылы орын алған техникалық келеңсіздіктерді түзеу бойынша жұмыстарды 2016 жылғы желтоқсанда бітіруді жоспарлап отырмыз. Содан кейін Қашағанда коммерциялық мұнай өндіру басталады.

Министр бұл жобаның болашақтағы тиімділігі жөніндегі сауалға тікелей жауап беруден жалтарды:

- Белгілі бір жобаның тиімділігі туралы алдағы екі жылда болатын баға (мұнай) бойынша қорытынды жасау керек. Қарашығанақ және Теңіз сияқты ірі жобаларда өндірудің өзіндік құны өте төмен. Қашағанда да солай болады деген сенімдіміз.

В. Школьникпен бірге іссапарға инвестиция және даму министрі Әсет ИСЕКЕШЕВ, мәжіліс депутаты Мейрам ПІШЕМБАЕВ және энергетика вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН қатысуда. 5 ақпанда олар «Алмалы құс» құс фабрикасына, «АтырауАгроӨнімдері» ШҚ-ның ешкі фермасына және «Первомайский» ЖШС-тің сүт-тауар фермасына барды.

Бүгін, 6 ақпанда, «Ұлттық индустриалды мұнайхимиялық технопарк» ЕЭА аумағындағы «Полимер Продакшн» ЖШС және «Атыраунефтемаш» ЖШС кәсіпорындарына бару жоспарланған. Осы күні облыстық әкімдікте жергілікті мазмұнды дамыту бойынша форум өтеді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор  

 

6 ақпан 2015, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.