Атырау, 28 қараша 04:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АХАЖ жұмыспен қамту бөліміне көшті

11 069 просмотра

Атырау қаласы әкімдігінің қаулысымен азаматтық хал актілерін жазу (АХАЖ) бөлімі қалалық әділет басқармасы қарамағынан қалалық жұмыcпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне көшті.

Бұл таңданарлық шешім сияқты, өйткені осы екі қызметтің іс-әрекет салалары бір-бірінен мүлдем алшақ жатыр. Сонымен қатар, салтанатты іс-шаралар өткізуге ыңғайлы ғимараттан бұрынғы ескі балабақша ғимаратында орналасқан қалалық еңбекпен қамту бөліміне көшетіні ақылға сыйымсыз. Шынымен бүгінде АХАЖ-да ешкім салтанатты тіркеу рәсімдерін өткізбей ме? Барлығы бірдей коммерциялық құрылымдар қызметін пайдалана ма?

Бір қызығы, бұл солай екен. Соңғы уақытта АХАЖ бос тұр, ғимаратта салтанатты рәсімдер көптен өткізілмеген.

- Бұрын АХАЖ-дар жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болды, кейіннен әділет министрлігіне берілді, ал енді кері процесс жүріп жатыр. 2011 жылы қадағалаушы органдар АХАЖ қызметіне тексеру жүргізді және коммерциялық қызметтермен айналысуға тыйым салынды, - деп түсіндірді АХАЖ қабырғасында салтанатты тіркеу қызметінің жоқтығын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы ХАБИЕВА.Бөлімде тек 3 маман жұмыс жасайды, қалғандары штаттан тыс қызметкерлер, мұрағатшылар. Шын мәнінде, жастар АХАЖ-ға тек неке туралы куәліктерін алып кетуге ғана келеді, ал салтанатты рәсімдерді басқа жерлерде немесе мейрамханадағы той үстінде жасайды.

АХАЖ-ды қалалық еңбекпен қамту бөліміне қосқаннан ештеңе өзгермейді дейді Н. Хабиева. АХАЖ желісі бойынша 15 мемлекеттік қызмет түрі бұрынғыша ХҚКО арқылы көрсетіледі, ал бөлімнен қалалықтар неке тіркеу туралы куәлік немесе қажетті анықтамаларды ғана алады. Қазіргі уақытта АХАЖ мұрағаты көшірілуде. Өздеріңізде туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпараттарды Шәріпов көшесі, 4 «а» мекенжайында орналасқан қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінен немесе 45-02-00, 46-53-21, 45-04-68 телефондары арқылы білуге болады.

Қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі желісі бойынша ХҚКО арқылы 18 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Бұл бөлімге негізінен жұмыссыздар анықтама алуға, сондай-ақ аз қамтылған азаматтар бір реттік көмек ресімдеуге келеді.

Ал АХАЖ-дың бұрынғы ғимараты, кейбір деректер бойынша, жөндеу жүргезілгеннен кейін Сот актілерін орындау департаментіне береді екен.    

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 ақпан 2015, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.