Атырау, 28 қараша 03:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Оқиғалар тізбегі

3 214 просмотра

Полицияға мейрамхананы жалға алу кезіндегі алаяқтық туралы кезекті шағым түсті. Атырау қаласының тұрғыны жалға алу үшін 200 мың теңге төлеген. Салтанат болмай қалып, олардан ақша алған ер адам ғайып болған. Мейрамхана қожайыны анықтаушыларға өткен жылдың сәуірінде мейрамхананы басқа кәсіпкерге жалға бергенін, оның қайда екенін білмейтінін, оның осы уақыт ішінде оған 3 млн-нан астам теңгеге қарыздар болғанын түсіндірді. Бұдан басқа, полицияға осы алаяқтың заңсыз әрекеті туралы тағы 4 шағым түсті. Оған іздеу жарияланды.

***

Белгісіз екеу №8 маршруттың автобусында адамдардың көзінше 16 жастағы қыздың ақша салынған әмиянын тартып алған. Полиция 24 және 26 жастағы қаскүнемдерді ұстады.

***

Полицияға Геолог ауылының 56 жастағы тұрғыны, ІІ топ мүгедегі хабарласты: 31 қаңтарда белгісіз біреу оның сеніміне кіріп, жақын маңдағы дүкенге барып, уақтатып әкелем деп, 10 мың теңгелік купюраны алып кетіп, қайтып оралмаған. Күдікті ұсталды.

***

 

Құлсары қаласында 2013 жылдың қарашадан 2014 жылдың желтоқсанына дейін қала тұрғындарының үйлерін тонаумен айналысқан топ құрықталды. Оның құрамына 1994ж.т. А. Х. деген жігіт пен оның 1998 және 1999 ж.т. екі «кіші көмекшілері» кірді. Ұрылар үйлер мен пәтерлерге кіріп, қымбат заттарды, соның ішінде құрылыс бұйымдары, қымбат бағалы әшекей бұйымдар, киім-кешектер мен тұрмыстық заттарды жымқырып отырған. Олардың 15 эпизодты қылмыс жасағаны анықталды. ҚР ҚК 188-баптың 2-тармағы 1,2,3 тармақшалары («Бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бірнеше рет тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп жасырын жымқыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

31 қаңтарға қараған түні Доссорский өткелінің 27 жастағы тұрғынының ауласындағы құс қорасынан белгісіз біреу 5 тауық ұрлап кеткен. Қаскүнем анықталды – ол жәбірленушінің 27 жастағы көршісі екен. Ол ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Полицияға Балықшы елдімекенінің 35 жастағы тұрғыны хабарласты: Құрсай ауылындағы үй құрылысы алаңынан шеге бұрағыш (шуруповерт) ұрланған. Иесі зиян көлемін 35 мың теңгеге бағалады. Құрсай ауылының 35 жастағы тұрғыны құрықталды.

***

ЖШС-лердің бірінің директоры полицияға белгісіз біреулердің 360 мың теңгенің арнайы киімді ұрлағанына шағымданды. Ұрлық жасады деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысының 45 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды.

4 ақпан 2015, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.