Әсет ИСЕКЕШЕВ. Фото: inform.kz5 ақпанда Атырауға ҚР инвестиция және даму министрі Әсет ИСЕКЕШЕВ пен энергетика министрі Владимир ШКОЛЬНИК келеді деп күтілуде.
Министрлердің Батыс Қазақстан бойынша жұмыс сапары үш күнге созылады. Алдымен олар Маңғыстау облысына, содан кейін Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына келмек.
Атырауда сапардың ресми бөлігі 6 ақпанда басталады. Таңертең «Ұлттық индустриалдық мұнай-химиялық технопарк» ЕЭА аумағына бару жоспарлануда. Сол жерде министрлер «Полимер Продакшн» ЖШС-тің полимер өндірісін өндіруімен танысады. Содан кейін олар «БатысАльянсСтрой» ЖШС пен «Атыраунефтемаш» ЖШС-теріне барады. «Атыраунефтемашта» облыстың ірі кәсіпорындары басшыларымен кеңес өтеді. Түстен кейін облыстық әкімдікте жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі және жергілікті мазмұнды дамыту бойынша форум өтіп, меморандумдарға қол қоюмен аяқталады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА