28-30 қаңтар аралығында Атырау облысында «Мигрант» профилактикалық операциясы өтті. Оның нәтижелері жөнінде көші-қон полициясы басқармасының басшысы Болат ДОСҚАЛИЕВ (суретте) брифингте хабарлады.
Тексеру шетелдіктердің тұрғылықты жерлері мен олар жиі баратын сауда және ойын-сауық мекемелерінде жүргізілді. Нәтижесінде 300-ге жуық заң бұзушылық анаықталды. ҚР ӘҚтК-нің 517-бабы («ҚР көші-қон заңнамаларын бұзу») бойынша 270 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Солардың ішінде шетелдіктер тіркеліп қойып, бірақ шын мәнінде тұрмайтын мекенжайлардың иелері – жергілікті тұрғындар да бар. Өздерімен бірге құжаттары жоқ 33 басқа елдің азаматы уақытша ұстау мекемесіне тоғытылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА