Атырау, 26 желтоқсан 11:02
 ашықВ Атырау -3
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

ОПЕК мұнай бағасы барреліне $30-ға дейін төмендеуі мүмкін деп отыр

2 667 рет қаралды

Фото: newskaz.ruФото: newskaz.ruАлматы. 3 ақпан. ҚазТАГ – ОПЕК мұнай бағасы барреліне $30-ға дейін төмендеуі мүмкін деп отыр, деп хабарлады РБК Reuters агенттігіне сілтемелеп.

«Қазір баға қыста жиналған қормен ұсталып тұр», - деп мәлім етті Reuters агенттігіне картельдің ұзақ мерзімдік стратегиясын әзірлеуге арналған Венадағы кеңеске келген ОПЕК-тің бір өкілі.

Агенттік дерек көзі мен тағы бір кеңеске қатысушы 2015 жылдың бірінші және екінші толқсанында мұнай бағасының барреліне $30-35-ке дейін құлдыруын жоққа шығаруға болмайды деді. Парсы шығанағының мұнай өндіруші бір елінің өкілі мұнай бағасының төмендеуі осы салаға салынатын инвестиция көлеміне ықпал етеді деп отыр.

«Мұнай бағасы барреліне $40-тан $45 аралығында тұрақтайды, бірақ әлем экономикасы онша тұрақты емес, ал мұнай қоры елеулі көп», - деді ол.

Қазіргі Венадағы кеңесте ОПЕК мұнай өндірісінің көлемін талқыламайды. Ол туралы шешім биыл 5 маусымда министрлер жиналысында қабылданады. ОПЕК басшылығы мұнай бағасы құлдырау шыңына жетті деп жариялады. Қаңтар соңында ОПЕК бас хатшысы Абдалла аль-Бадри мұнай өндірісіне салынатын инвестиция болмаса, енді 3-4 жылдан соң мұнай тапшылығы болып, оның бағасы $200/барр. болады деп мәлім еткенді.

2014 жылғы маусымнан бері мұнай бағасы 2 еседен көпке құлады. 13 қаңтарда ол алты жылғы минимумға жетіп, $45,19/барр болды. Соңғы аптада АҚШ-тағы жұмыс істеп тұрған ұңғылардың азаюы себепті мұнай бағасы аздап көтеріліп, 2 ақпанда $55/барр. болды.

Дереккөз: ҚазТАГ

3 ақпан 2015, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.