Атырау, 18 маусым 16:32
 дождьВ Атырау +30.3
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69

Charlie Hebdo редакциясы үзіліс жариялайды

1 923 рет қаралды

Фото: newskaz.kzФото: newskaz.kzАпта сайын шығатын француздық Charlie Hebdo редакциясына лаңкестер шабуыл жасап, салдарынан 12 адам қаза тапқан еді.

Енді олар өз жұмыстарында үзіліс жасауға бел буды. Басылым редакторларының қолы қойылған жарияланымда: «Құрметті оқырмандар. Charlie Hebdo-ның бүкіл командасы сіздердің барлықтарыңызға және әрқайсыларыңызға қолдау көрсетіп, тілектес болғандарыңыз үшін алғыс айтады. Біз сіздерді ұмытпаймыз және газет дүңгіршіктеріне жақын апталарда қайта оралатын боламыз»,- делінген. Айта кетейік, Франциядағы лаңкестік әрекеттер легі Charlie Hebdo журналына жасалған шабуылмен 7 қаңтар күні басталған еді. Үш күннің ішінде полицейлерді қоса есептегенде 17 адам қаза тапты. 9 қаңтар күні екі арнайы операция барысында 3 лаңкестің көзі жойылған болатын.

Дереккөз: 24.kz

2 ақпан 2015, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.