АҚШ Конгресіне Пентагонның 2016 жылға арналған бюджет жобасы ұсынылды. Құжатқа сәйкес келесі жылға Пентагон шығынына 534 млрд АҚШ доллары қажет екен.
Бұл сома өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп болып шықты. Оның 153 млрд доллары әскери әуе күштеріне кетсе, әскери теңіз күштеріне 161 млрд доллар, ал құрлықтағы әскери күштеріне 126,5 млрд доллар жұмсалмақ. Қалған қаражат зерттеу жұмыстары мен өзге де шараларға арналады. Бұған дейін АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі қаржы үнемдеу мақсатында Еуропадағы өзінің 15 әскери базасын жабуды жоспарлаған еді.
Дереккөз: 24.kz