Атырау, 28 қараша 03:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Иесі жоқ гранттар

2 258 просмотра

АМУ мен Каспий маңының қазіргі заман колледжіне барған қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ Атырау оқу орындарындағы білім сапасына назар аударды.

Университетке келген қала басшысы өткен жылдың желтоқсан айында қала оқушыларына өткізілген сынақтық тестілеу қорытындысы туралы айтты. Оқушылар сынақтан керемет өтті деп айтуға келмес, мәселен, математика бойынша орташа балл 10,5-ті құраған. Бұл жағдай алаңдаушылық тудырып отыр, өйткені өткен жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша түлектердің 50%-ына жуығы ең төменгі балл көрсеткішін жинай алмаған еді. Биыл жазда қалай болады екен?

2012 жылы облыстық әкімдікпен бірлесе отырып, университет тағайындаған 10грант та игерілмеген екен. Педагогикалық мамандық бойынша тегін білім алғысы келетін түлек ҰБТ-да 80 баллдан жоғары жинап, өзіне ыңғайлы тілде жазба жұмысын орындауы керек. Міне, екі жылдан бері жоғары оқу орны осы 10 грантты игере алмай келеді.

Каспий маңының қазіргі заманғы колледжінде Н. Ожаев оқу ғимаратының үшінші корпусының ашылу рәсіміне қатысты. Содан кейін жаңа оқу корпусы ішіне экскурция жасалынып, оның барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен: соңғы техника жаңалықтары бойынша жарақталған оқу аудиториялары, виртуалды физика зертханасы, органикалық химия зертханасы, лингафон кабинеті және тағы басқалармен танысуға мүмкіндік берген виртуалды тур ұсынылды.        

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді қала әкімінің баспасөз қызметі ұсынды 

2 ақпан 2015, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.