Атырау, 25 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан: Сирияда 22 қырғыз мерт болды

1 814 просмотра

Сириядағы Кобани қаласы маңында «Ислам мемлекеті» тобының жалауы қасында тұрған адамдар. 7 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)Сириядағы Кобани қаласы маңында «Ислам мемлекеті» тобының жалауы қасында тұрған адамдар. 7 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)Қырғызстан ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Рафик Мамбеталиев Сирияда соғысып жүрген қырғызстандық 22 азаматтың қаза тапқанын хабарлады.

Ақпанның 2-сінде өткен брифингте сөйлеген Мамбеталивтың айтуынша, Қырғызстаннан Сирияға 200-ден астам азамат кеткен, оның 30-ы әйел.

Мамбеталиевтің сөзінше, тергеушілер осы уақытқа дейін қырғыз азаматтарын Сирияға баруға үгіттеген 83 оқиғаны әшкерелеген. "Біз халықаралық қақтығыстардағы экстремизммен, терроризммен және заңсыз миграциямен күрес жргіземіз" деді Рафик Мамбеталиев.

Оның айтуына қарағанда, Сирияға адам тарту әрекеттері негізінен елдің солтүстігіндегі Шу облысында және оңтүстік аймақтарда байқалады.

Орталық Азия елдерінің билігі азаматтарының Сирия мен Иракта соғысып жатқан түрлі экстремистік топтарға қосылуының алдын алумен күресіп келеді.

Халықаралық дағдарыс тобы биылғы есебінде соңғы үш жылда Орталық Азия аймағынан исламшыл экстремистік топтарға қосылған адам саны екі мың мен төрт мың аралығында деп көрсеткен.

Дереккөз: azattyq.org

2 ақпан 2015, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.