Фото: pravda-tv.ruАлматы. 2 ақпан. ҚазТАГ – Түркия астанасы Анкара қаласында ел президенті Реджеп Тайип Эрдоғанға қарсы жасалған террорлық актінің беті қайтарылды, деп хабарлады Trend.
«2 ақпанда жергілікті уақытпен 04.00 сағатта Түркия президенті өтетін маршруттағы бір үйдің аулесінде екі жарылыс орын алды», - делінген дүйсенбі күні жергілікті БАҚ-тарға сілтемелеп таратылған хабарда.
Оқиға орнына Түркияның қауіпсіздік күштері келді. Олар сол маңнан тағы бірнеше жарылыс қондырғыларын тапты.
Дерек бойынша тексеру басталды. Жарылыс нәтижесінде зардап шеккендер болмады.
Дереккөз: ҚазТАГ