Атырау, 28 қараша 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудағы сорғыларды ауыстыруды ЭКСПО-2017 көрмесінде таныстыру ұсынылды

2 430 просмотра

Атырау қаласы әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ су тазалау құрылғысына (СТҚ) барып, «Атырау Су Арнасы» КМК-ның техникалық жарақтану нәтижелерімен танысты.

Алдымен сорғыларды жеткізуші, «Эргономика» компаниясының директоры Сергей ПОЛИЩУК сөз сөйледі.

- Біз Атыраудағы су тұтыну сипатын алдын-ала зерделедік, су өндіру көлемін, оның шығынын және шүмектердегі ағын күшін есептедік. Сондықтан да сорғыларды ауыстыруды бастаған өткен жылы біз қай жерде қандай агрегат тұратынын білдік. «Грундфос» неміс сорғысының кепілдеме уақыты - 5 жыл. Мен осы пилоттық жобаны ЭКСПО-2017 көрмесіне өңірдегі қуат тиімділігі шешімінің мысалы ретінде көрсетуді ұсынамын: бір жыл ішінде «АСА» 200-ге жуық сорғы ауыстырды, бұл электр қуаты шығынын 35%-ға төмендетті.

Жобаның тағы бір артықшылығы – «АСА» сорғылар құнын үш жыл ішінде бөліп төлейді. Кәсіпорын ай сайын үнемделген қаражат есебінен төлеп тұруға мүмкіндік алды.

Біз, сондай-ақ, СТҚ-ға дайындаудың әр кезеңіндегі суды есептеуді реттедік. Алға қарай суды «он-лайн» режимінде есептеу жүйесі Авангардтағы барлық үйлерге енгізіледі, ал бұл пәтер есептегіштерінің көрсеткіштерін есептеуге ғана емес, жертөлелердегі судың кетуін тез білуге де мүмкіндік береді.

«АСА» директоры Андрей ТАШЛЫКОВ:

- Атырауда 41 арттырғыш сорғы станциялары (АСС) бар. олардың 28-іне біз қуат үнемдегіш сорғылар орнаттық, осындай жұмыстар 80 кәріздік сорғы станцияларының (КСС) 57-нде де жүргізілді. СТҚ-да су өңдеу қуатты ең көп тұтынатын процесс, сондықтан да үнемді сорғыларды ең алдымен сол жерлерге орналастырдық. Нәтижесінде өткен жылдың 4-тоқсаны қорытындысы бойынша су көтеруден 766 мың кВт/сағат үнемделді. Ал 2014 жылғы жалпы қаржылық құралдарды үнемдеу көлемі 19 млн теңгені құрады.

Үнемделген қаржылар қалай жұмсалады? «АЖ»-ның бұл сауалына А. Ташлыков бұл қаржылар жеткізілген сорғылардың ақшасын төлеумен қатар кәсіпорынды әрі қарай модернизациялауға жұмсалады деп жауап берді. «Эргономика» сорғыларды 1,2 млрд теңгеге жеткізген. Бірінші кезеңде «АСА» жүйесінде191 сорғы ауыстырылды. Барлығы 360 сорғы бар.

Ташлыков сорғылар арқылы тек электр қуаты ғана емес, су шығыны да 2%-ға төмендегенін атап өтті.

Облыстық мәслихат сессияларының бірінде облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ Атырауда суаруға арналған су құбыры жүйесін салу керек деп айтқан болатын. «АЖ»-ның бұл сауалына жауап берген қала әкімі осындай жүйені жобалауға 60 млн теңге қаржы бөлінгенін хабарлады. Әкімнің айтуынша, бұл жүйе арқылы Атырау қаласының көшелеріндегі, саябақтары мен гүлзарларындағы өсімдіктер суарылатын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор  

2 ақпан 2015, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.