Атырау, 28 қараша 03:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау мен Хьюстон бауырлас қала болады

2 268 просмотра

Фото: mfa.kzФото: mfa.kzАтырау мен Хьюстон (АҚШ) бауырлас қала болу үшін әзірге ауызша келісім жасалды.

«Келісімге жақында болған ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат ОМАРОВ пен Хьюстон қаласының мэрі Анис ПАРКЕРДІҢкездесуінде қол жеткізілді, - деп жазылған «АЖ» сұранысына Атырау қаласы әкімдігі жіберген жауап хатта. – Алға қарай келіссөздерді бастап, байланыстарды орнату үшін Хьюстон делегациясының Атырауға сапары, содан кейін қаламыздың іскер ортасы өкілдерінің Хьюстонға баруы жоспарлануда. Хьюстон – АҚШ-тағы халық саны жағынан төртінші және Техас штатындағы ірі қала. Бұл 6 313 158адам тұратын Үлкен Хьюстон агломерациясының бас экономикалық орталығы.

Хьюстонда ҚР-да жұмыс жасайтын 17 ірі американдық корпорациялардың штаб кеңселері тіркелген. Әлемдегі ең ірі мұнай орталықтарының бірі болып табылатын бұл қала бүгінде шикізат емес салалар – медицинаны, ақпараттық технологияларды, құрылыс пен аэрокосмостық өнеркәсіпті белсенді дамытуда. Хьюстонда сондай-ақ  «Houston Technology Center» бизнес-инкубаторы бар. онда мұнай және газ, медицина салаларына және НАСА аэрокосмостық жобаларына арналған бағдарламаларды жасайтын және дамытатын 1000-ға жуық компания жұмыс жасайды. Сонымен қатар онда өзіне 54 медициналық ҒЗИ, емхана, ауруханалар, медициналық мектептер мен фармацевтік зертханаларды қосатын әлемдегі ірі Техас медициналық кластері орналасқан».

ҚР СІМ сайтынан Қайрат Омаровтың Хьюстонға сапары барысында қала мэріне Қазақстанда шетелдік инвесторларға арналған жеңілдіктер туралы айтып, Хьюстон компанияларын жаңа «Нұрлы жол» индустриалды бағдарламасын жүзеге асыруға және «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды. «Хьюстонда көптеген қазақ диаспорасы тұратындығына байланысты мәдени байланыстарды орнату, соның ішінде Атырау мен Хьюстон қалаларын бауырлас қала жасау мәселелері талқыланды. Бұл идеяны Анис Паркер қолдады. Ал келісімдерді жүзеге асыру 2015 жылдан басталады», -  делінген ҚР СІМ сайтында.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 ақпан 2015, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.