КО қатысушы елдерден әкелінген бұрын пайдаланылған көліктерді ҚР-на тіркеу жөніндегі тақырыпқа қосымша («Ескі машина есіңді кетіреді»).
27қаңтардаІІД ЖПБ ТЕБ бастығының міндетін атқарушы Арман АЯЗҒАЛИЕВІІМ-ден алынған соңғы жаңалықтарды хабарлады. Қазіргі уақытта КО қатысушы елдерінен әкелінген бұрын пайдаланылған көліктерді тіркеу үшін көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік талап етілмейді.
Бұдан басқа, енді ТЕБ мамандары КО қатысушы елдердің аумағынан ҚР-ға әкелінген автокөліктерге есептен шығару және тіркеу құжаттарын беру туралы сұраныстарға жауапты күтпестен тіркеу жүргізеді.
Яғни, тіркеу мен сауал жіберу бір уақытта жүргізіледі.
- Егер кейін көліктің заңсыз әкелінгені анықталса, заңнамаларға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, - деп түсіндірді А. Аязғалиев.
Зульфия ИСКАЛИЕВА