Атырау, 25 қараша 10:19
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тегеран Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтасуға ниетті

1 557 просмотра

Фото: ria.ruФото: ria.ruАлматы. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Иран 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) өзара түсіністік келісім-шартына немесе меморандумға қол қоюды көздеп отыр, деп мәлімдеді Иранның РФ-дағы елшісі Мехди Санаи.

«Иран ЕАЭО-мен белгілі бір экономикалық байланыстарға ие болуы үшін, 2015 жылы біз жұмыс істеуге тиіспіз деп ойлаймын. Иран бұл мүмкіндікті Ресейге және басқа да (елдерге – ҚазТАГ) деген өз экспорты үшін пайдалануға ниетті. Мүмкін, өзара түсініктік туралы қандай да бір келісім-шартқа немесе меморандумға отыру қажет шығар», - деген М. Санаидың дәйексөздерін келтіреді Иран телеграф агенттігі сейсенбіде.

Оның айтуынша, Иран мен Ресейдің толыққанды ынтымақтастығы жолында ирандық тауарларға жоғары кедендік баждардың проблемасы тұр.

«Тағы бір проблема бар: Ресейге экспортталатын ирандық тауарларға арналған жоғары кедендік тарифтер. Иран өз тауарларын Ресейге тарифтік жеңілдіктерге ие өзге республикалар арқылы емес, тікелей жібереді. Ол тарифтер Иран үшін жоғары. Иран бизнесмендері бізден тарифтердің төмендетілуіне жәрдемдесуімізді жиі сұрайды, олар Ресейдің Армениямен, Әзірбайжанмен, Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарын мысалға келтіреді», - деп толықтырды елші.

Дереккөз: ҚазТАГ 

27 қаңтар 2015, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.