Атырау, 25 қараша 10:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кобани қаласы ИМ-нен азат етілді

2 438 просмотра

Сирияның Түркиямен шектес Кобани қаласы. 26 қаңтар 2015 жыл.Сирияның Түркиямен шектес Кобани қаласы. 26 қаңтар 2015 жыл.Күрд жасақтары АҚШ бастаған халықаралық коалиция әскери-әуе күштерінің қолдауымен төрт ай бойғы шайқаста Сирияның Түркиямен шекарасы тұсында орналасқан Кобани қаласын радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларынан азат етті.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының директоры Әбдел Рахманның мәлімдеуінше, Кобанидің ішінде ұрыстар тоқтап, күрд жасақтары "жиһадшыларды қала маңынан тықсырып барады".

АҚШ армиясы орталық қолбасшылығының хабарлауынша, "Ислам мемлекетіне" қарсы күштер қазір қаланың 90 пайызына бақылау орнатқан.

"Ислам мемлекеті" ұйымы былтыр жазда Сирия мен Ирактың біраз бөлігін басып алған. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап содырлар Кобани маңындағы ондаған күрд елді мекендерін бағындыра бастағанымен, Кобани үшін шайқаста үлкен шығынға ұшырап, бір мыңнан астам адамынан айырылған.

Ирак әскери қолбасшылығы да Дияла провинциясының "Ислам мемлекеті" ұйымы бақылауынан босатылғанын хабарлады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 қаңтар 2015, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.