Статистика департаментінің мәліметтері бойынша, Атырау облысы халқының саны 2014 жылдың 1 желтоқсанында 580 мың 358 адамды құраған. Бір жыл ішінде бұл цифр 2,4 пайызға көбейді, бұл халықтың өлім-жітімінің азайғанын білдіреді.
Департаменттің әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасының басшысы Мәдина ҚҰРМАНБАЕВАНЫҢ айтуынша, өңірдегі туу саны 2014 жылы (1 желтоқсандағы ахуал бойынша) 2013 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 1 пайызға артқан.
Ер адамдар халықтың 49,1 пайызын, әйелдер, тиісінше, 50,9 пайызын құрайды. Атырау қаласы тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жасты, ауыл округтерінде 71 жасты құрап отыр.
Тамара СУХОМЛИНОВА