«Сенімхаттың орнына - сақтандыру» жарияланымы оқырмандарымыздың көкейінде бірнеше сауал тудырды. Біз «НСК» сақтандыру компаниясының директоры Михаил КОРНЕВТЕН комментарий беруді өтіндік.
- Сіздердің жарияланымдарыңызда менің аты аталмаған әріптесім сақтандыру шартына жаңа тұлғаны тіркеу кезінде көлік иесі жаңа шарттың толық құнын төлейтінін айтты. Бірақ бұл олай емес, - дейді М. Корнев. - Әңгіме тек үстінен қосымша төлеу жайында болып отыр. Бұл төлем сомасы көлік иесі сақтандыру шартын қай кезеңде рәсімдеуге келгендігіне байланысты (одан шартты пайдаланылған уақытының сомасы алынып тасталады), сондай-ақ, бұл көліктің «жасына», көлік жүргізу өтіліне және т.б. байланысты болады. Қосымша төлеу сомасы 600 теңгеден 7 мың теңгеге дейін құрауы мүмкін.
Көлік иесі сақтандыру полисіне 20 адамды болса да, 50 адамды болса да тіркей алады, санын шектеу жөнінде заңда ештеңе айтылмаған.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА