Атырау, 7 мамыр 21:55
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Сенімхаттың орнына - сақтандыру

1 861 просмотра

1 қаңтардан бастап автокөлік иелеріне өз автомобильдерін өзге тұлғалар жүргізуі үшін сенімхат берудің қажеттігі жоқ.

- Бар керегі – автокөлікті жүргізуге сенім білдірілген тұлғаны азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына тіркесе болды. Енді инспекторлар сенімхат сұрамайды, бұл құжат керек емес, - дейді ІІД ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы Досай ЖҰПҚАЛИЕВ.Егер қандай ма бір себептермен автокөлікті сақтандыру шартына тіркелмеген тұлға жүргізетін болса, оған 20 АЕК (39 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Алайда, өмірде әр түрлі жағдайлар болады, мәселен, сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі ішінде автокөлік иесі өз автомашинасын жүргізуді сақтандыру шартына енгізілмеген басқа адамға тапсырғысы келсе ше? Бұл сұрақты біз сақтандыру компанияларының бірінің менеджеріне қойдық.

- Бұл жағдайда бізге келіп, жаңа тұлға енгізілген жаңа шарт ресімдеу қажет, - деп жауап берді ол. – Көлік иесі жаңа шарттың толық құнын төлейтінін де ескерген жөн.

Тамара СУХОМЛИНОВА

15 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.