Атырау, 28 қараша 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әйелдерді қараңғыда қағып кеткен

2 908 просмотра

Сәтпаев даңғылындағы жол-көлік оқиғасы Атырауда автобус екі әйелді қағып кетті») қараңғылық сейіле қоймаған таңғы уақытта орын алған. Көшеде жарық болмаған. Неліктен? – деп біз қалалық ТКШ бөлімінің энергетика және көлік секторының бастығы Қуаныш ИБРАГИМОВТАН сұраған едік.

Оның айтуынша, 13-інен 14 қаңтарға қараған түні күшті жел соғып (Қ.Ибрагимов осыны баса айтты, бұл гидрометорталықтың мәліметтерімен расталды), соның салдарынан ағаштардың бұтақтары Сәтпаев даңғылында жерүсті жаяу жүргінші өткелінің маңында орналасқан көшеге жарық беретін шкафты қатты соққылаған.  Нәтижесінде магнитті босатқыш жанып кеткен.

- Әжептәуір зақым келген, өкінішке орай, біз көшеге дер кезінде жарық бере алмадық. Жөндеу жұмыстары тек 14 қаңтар күні түске таман аяқталды. Жол-көлік оқиғасына келер болсақ, жарықтың жоқтығына қарамастан автобус жүргізушісі жол бойында мұқият болуы тиіс еді. Көлігінің шамы бар ғой.

Лаура СҮЕЙМЕНОВА

16 қаңтар 2015, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.