Атырау, 28 қараша 04:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда автобус екі әйелді қағып кетті (толықтырылды)

7 922 просмотра

Бүгін, 14 қаңтарда таңертең Авангардта жолаушылар автобусы екі әйелді қағып кетті. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

№12 бағытындағы ДЭУ автобусы (Балықшы – Авангард) жылдамдықпен келе жатып, Сәтпаев даңғылының бойындағы жаяу жүргінші өткелінде, «Тамаша» сауда-ойын сауық орталығына жақын маңда екі әйелді басып кетті. Соққының қатты болғаны соншалық, әйелдер бірнеше метр жерге ұшып кеткен, екеуі де сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. Толық ақпаратты ІІД кейінірек ұсынады.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынған қосымша ақпарат бойынша, жол-көлік оқиғасы сағат 08.15-те орын алған. Марқұмдар – 1954 және 1953 жылғы әйелдер. Автобус жүргізушісіне қатысты биылғы жылдың 1 қаңтарында күшіне енген ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы («абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 қаңтар 2015, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.