Атырау, 28 қараша 01:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қалалық сот төрағасы тағайындалды

3 357 просмотра

ҚР Президентінің жарлығымен Алмат ЕРМАНОВ Атырау қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Ерманов Алмат Нұрмұратұлы 1972 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітіріп, Қызылорда облыстық Мемлекеттік тергеу комитетінде тергеуші, Байқоңыр қаласында ҰҚК шұғыл уәкілі, мамандандырылған экономикалық сотында, Қызылорда облыстық сотында судья болып жұмыс жасаған. 12 қаңтарда облыстық соттың ғимаратында А. Ерманов жергілікті билік органдары мен құқық қорғау органдарының басшыларына, сондай-ақ судьялар корпусына таныстырылды.

Естеріңізге салсақ, қалалық соттың бұрынғы төрағасы Мәлік ҒАБДУЛЛИН қайтыс болған болатын Қалалық сот төрағасы Мәлік Ғабдуллин қайтыс болды» мақаласын оқыңыз).

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынды

12 қаңтар 2015, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.