ҚР президентінің жарлығымен Атырау қалалық ІІБ жол-патруль қызметі «Батыс-1» тобының қызметкері Фархад БАЗАРҒАЛИЕВ «Ерлігі үшін»медаліне ие болды.
Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 18 маусымында Жайық өзенінің Маслопром ауданы тұсында үстінде төрт адамы бар темір қайық аударылып қалды. Үш ер адам өз бетінше жағаға шықса, араларындағы қыз бала суда қалды. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оқиға орнына 5 минуттан кейін сол маңда жүрген «Батыс-1» тобы келген.
– Сержант Фархат Базарғалиевеш ойланбастан суға секіріп, суға кетушіні құтқарып қалды,– дейді ол.
Сержантқа марапатты Атырау қаласы ІІБ акт залында ІІД бастығының орынбасары Аян ДҮЙСЕМБАЕВ табыс етті.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА