Облыстық әкімдік 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Жоспар бойынша Атырау облысында осы кезеңде 16 коммуналдық меншік нысаны өз иелерін табуы керек.
Облыстық қаржы басқармасының басшысы Бағытжан ЖЫЛҚЫБАЕВТЫҢ айтуынша, өткен жылдыңжелтоқсанында жекешелендірілуі тиіс нысандардың тізімінде бірінші болып «Білім беру саласындағы жаңа технологиялар орталығы» КМК тендерге салынды. Тендер туралы хабарландыру мемлекеттік БАҚ-қа және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік реестрі комитетінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) жарияланды. Сатып алушының жоқтығына байланысты тендер екі рет болмаған деп танылды. Үшінші рет тендер осы жылдың 13 қаңтарында жарияланды.
Кәсіпорынның бастапқы құны тәуелсіз бағалауға сәйкес біріншіде 10 012 295 теңгені, екіншіде 9 011 066 теңге, үшіншіде 8 109 959 теңгені құрады.
Коммуналдық нысандарды жекешелендіру мәселелері бойынша тұрақты комиссия қалған 15 нысанды жекешелендіруге дайындап жатыр.
2014-2016 жж. жекешелендіруге жататын облыстың коммуналдық нысандарының тізімі: «Білім беру саласындағы жаңа технологиялар орталығы» КМК – 2014 ж. желтоқсан; “Атырау Барыстары” спорттық ойын түрлері бойынша облыстық командасы» КМК – 2015 ж. шілде; «Атырау облыстық су спорты түрлері бойынша клубы» КМК – 2015 ж шілде.; «Атырау облыстық ұлттық спорт түрлері бойынша клубы» КМК – 2015 ж. шілде; «“Атырау” спорт кешені» КМК – 2015 ж. тамыз; «”Атырау” облыстық футбол командасы» ЖШС-тің жарғылық капиталына 100 пайыздық қатысу – 2015 ж. тамыз; «Атырау облыстық геотехникалық орталығы» – 2015 ж. желтоқсан; КГП «Атырау облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» – 2015 ж. желтоқсан; «”Атырау” облыстық волейбол командасы» ЖШС-тің жарғылық капиталына 100 пайыздық қатысу – 2015 ж. желтоқсан; Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» КМК –2016 ж. желтоқсан; «Жылыой тазалық» ЖШС-тің жарғылық капиталына 100 пайыздық қатысу – 2015 ж. желтоқсан; «Атырау» Бас жоспар» ЖШС-тің жарғылық капиталына 100 пайыздық қатысу – 2015 ж. желтоқсан; «Мұнайшы» спорт кешені» КМК 2015 ж. желтоқсан; «Арнайыавтобаза» КМК – 2016 ж. желтоқсан; «Тұрмыс қызмет» ЖШС-тің жарғылық капиталына 100 пайыздық қатысу – 2016 ж. қараша; «Құрманғазы жолдары» ЖШС-тің жарғылық капиталына 100 пайыздық қатысу – 2016 ж. маусым.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ