Атырау, 25 қараша 08:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы қақтығыс құрбандарының саны 4,8 мың адамнан асып жығылды – БҰҰ

2 563 просмотра

izvestia.kiev.uaizvestia.kiev.uaАлматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Украина шығысындағы өткен жылдың сәуірінен бергі қақтығыс құрбандарының саны 4808 адамды құрады. Ол туралы жексенбі күні жарияланған БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының (ГМҮБ) есебінде хабарланады, деп хабарлауда ресейлік БАҚтар.

«Сәуірдің ортасынан бастап 2015 жылдың 6 қаңтарына дейін Украина шығысында кем дегенде 4808 адам өлтірілген (апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing бортындағы 298-ді қосқанда) және 10468-і жарақат алған», - делінген 27 қаңтар мен 9 қаңтар арасындағы кезеңді қамтитын баяндамада.

Желтоқсанның аяғында таныстырылған ГМҮБ-ның өткен есебінде 4771 қаза тапқан және 10360 жарақаттанған адам туралы хабарланған.

БҰҰ мәліметі бойынша, мәжбүрлі қоныс аударушылардың саны 1 млн адамнан асқан: 634 мыңы ішкі көшіп-қонушы тұлғалар болды және тағы 594 мыңы көрші елдерге қашқан: негізінен – Ресейге. Осы ретте соғыс іс-қимылдары аймағында 5,2 млн-ға жуық адам қалуын жалғастыруда, сонымен бірге 1,4 млн-ы «аса осал ахуалда және гуманитарлық жәрдемге мұқтаж».

«Қаржылық проблемаларға қосымша ретінде, көбі азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектерді сатып алу мүмкіндігінен айрылған және салқын қыс жағдайында күн кешуде», - делінген баяндамада.

«Гуманитарлық қауымдастық, өкінішке қарай, соғыс белсенділігінің күшеюі мен соғыс іс-әрекеттерінің үдемелілік өсімін бақылап отыр. Донецкі мен Луганскі қалаларының маңындағы зымырандық атыстар туралы бірнеше хабар келіп түсті, бұл оқ жаудыруды тоқтату режімінің ылғи бұзылып отыратынына саяды», - деп атап көрсетілген есепте.

Одан өзге, 27 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін БҰҰ адам құқықтары жағдайын бақылаушылар «қаруланған топтардың бірқатар тонаушылықтарын, сондай-ақ украиндық құқық қорғау органдарының адамдарды еркін ұстау жайттарын» тіркеген.

ГМҮБ соғыс әрекеттерінің халыққа гуманитарлық көмек көрсетуге кедергі болып отырғанын көріп отыр, дегенмен, қаңтардың соңына дейін Дүниежүзілік сауда бағдарламасы (ДСБ) ішкі көшіп-қонушы тұлғалар арасында 40 мың жиынтықты бөліп беруді, сондай-ақ оларға тегін тамақтану талондарын ұсынуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Азық-түлікті халықтан шыққан жасақ өкілдері бақылап отырған аудандарға да жеткізу жоспарлануда – ол жақта оны ДСБ серіктес ұйымдары бөліп беретін болады.

БҰҰ хабарлап отырғандай, Украинаның шығысын дәрі-дәрмектермен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етумен бірге төтенше ауыр жағдай пайда болды.

«Келесідей қажет: инсулин, диализге, қан құюға, жарақат кезінде жедел жәрдем көрсетуге арналған құрылғы, зертханаларға, екпелерге арналған диагностикалық құрылғы, туберкулезбен, ИТҚ-мен және қатерлі ісікпен ауыратындарға препараттар», - делінген баяндамада.

Сондай-ақ ауруханаларда азық-түлік қорының мен жедел жәрдем көлігіне жанар-жағармайдың жетіспеушілігі білініп отыр.

Украина шығысына медициналық жәрдем көрсету мәселелері 15 қаңтар күні Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде тереңірек талқыланбақ, онда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) мен халықаралық донорлардың қатысуымен конференция өтеді.  

Дереккөз: ҚазТАГ

12 қаңтар 2015, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.