Атырау, 25 қараша 08:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Испания Шенген аумағы ішіндегі елдер арасында шекаралық бақылау енгізуді ұсынып отыр

1 998 просмотра

Фото: rbc.uaФото: rbc.uaАлматы. 12 қаңтар. ҚазТАГ – Испания үкіметі Шенген келісіміне түзету енгізу керек және елдер арасына шекаралық бақылау қажет деп санайды. Бұл туралы корольдіктің ішкі істер министрі Хорке Фернандес Диас El Pais басылымында жексенбі күні жарияланған сұхбатында мәлімдеді.

«Біз шекаралық бақылаудың енгізілгенін құптаймыз, және мүмкін, соған байланысты Шенген келісіміне өзгерістер енгізу қажет болатын болар», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Бұл ретте ол әңгіменің жаппай бақылау енгізу туралы емес екенін, демек еркін өту құқығы толық сақталатынын айтты. Министрдің айтуынша, тексеріс тек «олардың террористер болуы мүмкін деген негізделген қауіп немесе күдік» туындаған жағдайда ғана жүргізіледі.

Өз кезегінде Италияның сыртқы істер министрі Паоло Джентилони террористік қауіптің артуына байланысты Шенген келісімін уақытша тоқтату қате болатынын мәлімдеді.

«Шенген бізге еркін қозғалуға кепілдік береді, және егер бірнеше ондаған террористердің кесірінен қозғалыс еркіндігінен бас тартар болсақ, біз оларға үлкен сый жасаған боламыз», - деді СІМ басшысы Sky TG24 арнасына берген телесұхбатында.

11 қаңтар күні La Repubblica басылымындағы сұхбатында Джентилони үкіметтің парламенттен терроризммен күресті күшейту және оны қайта ұйымдастыру үшін қолдау сұрады.

«Алғаш рет таяу шығыс өңірлерінде әскери, экономикалық, насихаттық және ұйымдастырушылық қуаты жағынан ешқандай теңдесі жоқ террористік топтар пайда болды. Және Францияда орын алған жағдай – сол қауіптің белгісі», - деді Джентилони.

Бұл ретте ол «терроризмді әскери тәсілмен ғана жеңе алмаймыз». «Жағдайды одан сайын ушықтырмау үшін сындарлы саясат керек», - деді министр.

Италия «Ислам мемлекеттерімен» күресте ирак және күрд билігіне көмек көрсету бойынша халықаралық коалицияға кіреді. Алайда осы күнге дейін Италия материалды-логистикалық қолдау көрсетіп келді, сондай-ақ Иракқа жергілікті қауіпсіздік күштерін дайындауды жүзеге асыру үшін екі жүздей әскерін жіберді. Бомбалауға Рим қатыспайды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

12 қаңтар 2015, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.