Атырау, 4 маусым 12:18
 дождьВ Атырау +21.6
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Хорватияда президенттікке алғаш рет әйел кісі сайланбақ

1 759 рет қаралды

Хорватияның қазіргі президенті Иво Йосипович президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіліс тапқанын мойындады. Республиканың алғашқы әйел-президенті СІМ-нің бұрынғы басшысы және «Хорватия демократиялық достастығы» жетекші оппозициялық партиясынан сайлауға түскен үміткер Колинда Грабар-Китарович болады, деп хабарлайды BBC.

«Жаңадан сайланған президент Колинда Грабар-Китаровичті жеңісімен құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деді Йосипович.

97,7% бюллетень саналғаннан кейін Колинда Грабар-Китарович 50,54%, ал Иво Йосипович - 49,46% дауысқа ие болды.

Дереккөз: bnews.kz

12 қаңтар 2015, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.