7 қаңтарға қараған түні облыстық ауруханаға пышақ жарақатымен Атырау қалалық ІІБ жол-патрульдік қызметтің қызметкері жеткізілді.
Оған ота жасалды, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Атырау қалалық ІІД хабарлағандай, еңбек демалысында жүрген 26 жастағы полицей Индербор поселкесіндегі үйіне барады. Сол жақта қонақтықта туындаған ұрыс-керіс барысында кеудесінен пышақ жарақатын алады. Шабуыл жасаған тұлға анықталды - ол 1988 жылы туылған Индер ауданының тұрғыны болып шықты. Оған іздеу жарияланды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ