Мәди ТӘКИЕВ.ҚР Қаржы министрлігінің өкімімен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып бұрын ҚР премьер-министрінің кеңсесінде жұмыс жасаған Мәди ТӘКИЕВ тағайындалды.
Естеріңізге салсақ, ҚР Үкіметінің «ҚР орталық атқарушы органдары ведомстволары туралы» қаулысын орындау мақсатында салық департаменті мен кедендік бақылау департаментін қосу жолымен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті құрылған болатын.
Департамент басшысының орынбасарлары болып Жәнібек НҰРЖАНОВ, Маржангүл КҮНТУАРОВА және Мұрат ТӨЛЕУБАЕВ тағайындалды. Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштері Атырау облысы бойынша салық департаменті (Азаттық даңғылы 94 «а») және кедендік бақылау департаментінің (Абай көшесі, 8) бұрынғы мекенжайлары бойынша қабылданады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ