Авангард тұрғыны полицияға 8 қаңтарда тал түсте үш ер адам емін-еркін кіріп, пәтерінен азық-түліктер мен киім-кешектерді ұрлап кеткеніне шағымданды. Зиян 105 мың теңгені құрады. Күдіктілер ұсталды.
***
Полиция жеке тасымалмен айналысатын «Приора» көлігінің 24 жастағы жүргізушісін ұстады. Ол 16 желтоқсанда 33 жастағы жолаушысының «Самсунг» ұялы телефонын тартып алған.
***
Авангард тұрғыны полицияға 34 жастағы танысының өткен жылы 92 мың теңге алып, қарызын қайтармағандығына шағымданды. Тексеру жүргізілуде.
***
Атырау қаласының тұрғыны полицияға 5 қаңтарда Ақжар поселкесінің 28 жастағы тұрғыны оның 27 жастағы інісін газ кілтімен басынан ұрып, құны 200 мың теңге тұратын айфон телефонын тартып алғанын хабарлады. Күдікті ұсталды.
***
Жылыой АІІБ-не Құлсары қаласының 26 жастағы тұрғыны хабарласты. Үйіне қонаққа келген 22 жастағы танысы сөмкесінен ПИН-коды жазылған қағазбен бірге банкомат кәртішкесін ұрлап алып, шотынан 146 мың теңге түсіріп алған. Күдікті ұсталды.
***
Қаңтардың 4-де кешкісін 32 жастағы «Тойоты-Камри» жүргізушісі 31 жастағы жолаушысын ұрып-соққан. Ұсталды.
***
Полицияға 21 жастағы қыз шағымданды: 3 қаңтарда сағат 19-да «Светлана» автобус аялдамасында белгісіз біреу оны «Лада-Гранта» көлігіне күштеп мінгізуге әрекет жасап, күртесін жыртқан. Зиян 20 мың теңгені құрады. Күдікті ұсталды.
***
Атырау қаласының тұрғыны полицияға шағымданды: өткен жылдың 8 желтоқсанында оның 22 жастағы танысы коммуналдық қордан пәтер алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, 5 мың долларын алып, ғайып болған. Күдікті ұсталды.
***
Жылыой АІІБ-не 40 жастағы әйел адам хабарласты: 4 қаңтарда оның үйіне белгісіз біреу кіріп, кіре берісте жіпте ілулі тұрған тұздалған етін ұрлап кеткен. Күдікті ұсталды.