Жұма күні Бейжің қаласының соты танымал актер Джеки Чанның баласына алты айға түрмеге қамау жазасын шығарды.
Желтоқсан айында прокуратура 32 жастағы Джейси Чанға есірткі пайдаланғаны үшін айып таққан болатын. «Ол сотталды. Алты айға түрмеге қамалып, екі мың юань (320 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлейді», - деген сот үкімін келтіреді Франс Пресс агенттігі.
Фан Цзумин есімімен белгілі Джейси Чан қыркүйекте Бейжіңде өзінің досы - Тайваньнің танымал актері, 23 жастағы Кэ Чжэньдунмен бірге қолға түсті. Оларды есірткіге тестілеу оң қорытынды берді. Полиция Джейсидің пәтерін тексеріп, ішінен 100 грамм марихуана тапқан.
2009 жылы Джеки Чан Қытайдың есірткімен күрес бойынша ұлттық комитетінің төрағасы болып тағайындалды, оның міндеті - елдегі есірткіге қарсы күресті жандандыру. Осы оқиғаға байланысты ол ұлының әрекеттері үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлім етті.
Дереккөз: ҚазАқпарат