Жаңа қызметке тағайындалғанына екі апта да толмаған Тайбэй мэрі Ко Венье Қытай жұртшылығын таңғалдырып үлгерді. «Фейсбуктегі» қала мэрінің метро вагонында тұрған суреті қытайлық пайдаланушылар арасында лезде тарап кеткен. Қаланың көптеген тұрғындары жаңа басшының қарапайым халыққа жақындығын ұнатса, енді бірі метрода күзетсіз жалғыз жүру шенеуніктер үшін қауіпті деп деп санайды. Бұл туралы vesti.ru хабарлайды.
Стансасын күтіп тұрған қала басшысының суреті тіпті төмен дәрежедегі шенеуніктердің өзі сәнді брондалған автокөліктерде күзетімен бірге жүретін Қытайда үлкен резонанс тудырды. Қытай халқы мэрдің метрода тұрған суретімен Weibo (Twitter-дің қытайлық аналогы) сервисі арқылы танысқан көрінеді.
Дереккөз: bnews.kz
9 қаңтар 2015, 10:37
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.