Үндістанның үкіметтік департаменті жұмысқа 24 жыл бойы келмеген қызметкерін жұмыстан босатуды ұйғарды, - деп хабарлайды ВВС.
Қоғамдық жұмыстар орталық департаментіндегі лауазымда болған қызметкер 1990 жылдың желтоқсанында демалысқа шығып, содан бері жұмыс орнына оралмаған. Оның еңбек демалысының уақытын ұзарту жөніндегі өтінші қанағаттандырылмағанымен, оны жұмыстан шығару түрлі себеппен кейінге қалдырылып келіпті.
Қызметкердің жұмысқа 24 жыл бойы келмеуі Үндістан үшін, тіпті, бүкіл әлем үшін жаңа рекорд болып отыр. Өткен жылы ғана Үндістан штаттарының бірінде бір мұғалімнің 23 жыл бойы жұмысқа шықпағаны анықталып еді.
Дереккөз: tengrinews.kz