Атырау, 25 қараша 07:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Британиялық қарсы барлау басшысы «Аль-Каиданың» дайындап жатқан шабуылы туралы ескерту жасады

2 402 просмотра

Фото: zn.uaФото: zn.uaАлматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Британиялық қарсы барлау басшысы MI5 Эндрю Паркер, арнайы қызметке Шамдағы «Аль-Каида» содырлары Батыста көптеген адам шығынына әкелетін бірнеше дүркін шабуыл жасау жоспарын дайындап жатқаны белгілі деп мәлім етті. Атап айтқанда, Ұлыбританияда ірі террактілер жоспарлануда, деп хабарлады rbc.ru.

Паркердің айтуынша, соңғы уақыттары MI5 нашар дайындалғанымен адам шығындарын көбейте аларлық теракті жоспарларына тап болып жүр. Паркердің айтуынша, соңғы үш айда Ұлыбританияда үш террактінің беті қайтарылыпты.

Сондай-ақ ол терроршылардың шабуылы көлік пен тарихи ескерткіштерге бағытталуы мүмкін екенін атап өтті.

Қарсы барлау мәліметтерінше, соңғы кездері Шамға барған британиялықтардың саны 600 адамнан асты.

Паркер арнайы қызмет содырлармен күресудің барлық әдістерін қолданып жатқанын мәлім етті. Сонымен қатар ол құқық қорғау органдары терроршылардан төнген барлық қауіптің бетін қайтара алмауы мүмкн екенін жоққа шығармады.

2014 жылғы қарашаның соңында Ұлыбританияның ішкі істер министрі Тереза Мэй, 2001 жылы 11 қыркүйекте «Аль-Каиданың» АҚШ-қа қарсы жасаған террорлық актісі кезінде Британия ең елеулі терракті қауіпіне ұшырағанын мәлім етті. Министр қауіпсіздік шараларын қатайту аясында шетелде радикалық құрылымдар жағында соғысқан британиялықтардың төлқұжаттары күшін жояды деп мәлім етті. Сонымен қатар интернетке бақылау күшейтіледі.

Британиялық полиция мәліметтерінше, 2014 жылы 5 террактінің беті қайтарылды, ол әдеттегі орташа жылдық көрсеткіштен едәуір артық.

2014 жыл соңы мен 2015 жыл басында исламистер тарапынан бірнеше үйлесімді терактілер жасалды. Мысалы, былтыр қазанда Канада астанасы Оттавада Канада парламентінің ғимаратының жанындағы Бірінші дүниежүзі соғысының құрбандарына арналған құрметті күзетке шабуыл жасалудан 1 адам қаза болды. Терроршы Квебек провинциясының тұрғыны жақында ғана ислам қабылдаған Мишель Зихаф-Бибо болып шықты. 15 желтоқсанда Сиднейде исламшы Харон Монис кафені басып алудан 3 адам құрбан болды.

Биылғы 7 қаңтарда Парижде сатирикалық Charlie Hebdo апталық редакциясына шабуыл жасаудан 12 адам қаза болды, олар негізінен редакция қызметкерлері еді. Charlie Hedbo бұдан бұрын ислам мен Мұхаммед пайғамбарды әжуалайтын мазақ суреттері жариялаған болатын, ал редакцияға шабуыл жасаудың алдында «Ислам мемлекетінің» көшбасшысы Абу Бакра аль-Багдадидің мазақ суреттері жарияланған.  

Дереккөз: ҚазТАГ

9 қаңтар 2015, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.