АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекиядағы сайлауда оппозиция жеңіске жетіп, елдің еуро аймақтан шығу туралы шешім қабылданған жағдайда, қаржы нарығында тұрақсыздық туып, оның салдары 2008 жылғы әлемдік дағдарыстан да ауыр түсуі мүмкін, деп мәлімдеді Беркли калифорниялық университетінің экономика және саяси ғылымдарының профессоры, экономист Барри Эйхенгрин Marketwatch басылымына.
"Грекияның еуро аймақтан шығуы көптеген елдерге әсер етеді, инвесторлық ортада еуропалық валюталық одақтан келесі қай ел шығады деген әңгімелер туындайды. Бұл Lehman Brothers банкінде болған жағдайдан екі есе қауіпті", - деп есептейді Эйхенгрин.
Экономист болжамынша, европалық саясаткерлер Грекияны мүшелікте сақтап қалу үшін қолынан келетін мүмкіндіктердің барлығын пайдаланады.
"Егер еуро аймақты сақтап қалу әрекеттері шығынды, аса ауыр болса, онда еуропалық валюталық блоктың ыдырауы одан да көп шығын әкеліп, одан да ауыр қиындықтар тудырады", - деді Эйхенгрин.
Дереккөз: inform.kz