Атырау, 22 қараша 09:05
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Театр директорын жұмыстан неге шығарды?

6 212 просмотра

Өткен аптада «АЖ»-да Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрындағы директор Асылбек ЫҚСАННЫҢ облыстық мәдениет басқармасының басшысы Алтынбек НЫСАНҒАЛИЕВТЫҢ бұйрығымен жұмыстан шығарылуына байланысты дау-дамай жөніндегі материал жарияланған болатын (АЖ, №52, 25.12.14 ж., «Театрдан шу шықты» мақаласын қараңыз). Театр ұжымы мұндай шешіммен келіспеді, труппада да театрдың оған қатысы жоқ шаралардан босамайтынына шағымданып еді.

Мәдениет саласын өз бақылауында ұстап отырған облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН да А.Нысанғалиевтың шешімімен келіседі және ол А.Ықсан өз міндеттерін дұрыс атқара алмады, менеджментте әлсіз болды деп есептейді. Сондай-ақ, ол облыстық мәдениет басқармасына театрға қатысы жоқ шаралар өткен күндерді және театрдың қанша күн бос тұрғанын есептеп шығаруды тапсырды.

Облыстық мәдениет басқармасы редакцияға ресми мәлімдеме жолдады:

«Атырау облысының әкімдігі Махамбет атындағы облыстық драма театрына барынша қолдау көрсетіп келеді. Ағымдағы жылы театр бюджеті 189 млн теңгені құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары (2010 ж. – 92,7 млн теңге; 2011 ж. – 101,6 млн теңге; 2012 ж. – 162 млн теңге; 2013 ж. – 149 млн теңге).
Асылбек ЫҚСАН.Асылбек ЫҚСАН.Театрдың материалдық-техникалық базасын толықтыру үшін тек 2014 жылы соның ішінде 65 млн теңге бөлінді.

2014 жылы жаңа автокөліктер - гастрольдік сапарларға арналған 60 орындық автобус сатып алынды.

Осы жылы (2014 жылы – А.С.) күрделі жөндеу жұмысы басталды, ол театр қызметіне кедерді келтірмейтіндей етіп жүргізілуде.

Облыстық әкімдіктің қолдауымен көп жылдар бойы өткізілмеген гастрольдерді ұйымдастыру жаңартылды. Осы жылы труппа Қарағанды, Орал, облыс аудандарында болып қайтты. Келесі жылы театр гастрольмен Астана, Алматы, Астраханға барады.

Театр тарихында алғаш рет келесі жылы Атырауда халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарланып отыр.

Осы жылы жас мамандарды әлеуметтік қолдау мақсатында шығармашылық қызметкерлерге 6 пәтер берілді. Тағы 5 қызметтік пәтерді келесі жылдың көктемінде беру жоспарланған.

Әкімдік сахнаны ресми шаралармен толтырып, жұмыс істеуге кедергі келтіріп отыр деген мәлімдеме негізсіз. 2014 жылы 365 күннің ішінде сахнада 38 рет жеке қойылымдар өтсе, 48 күн -  концерт ұйымдастырушылары сахнаны ақылы негізде пайдаланған, театр коммерциялық қызметтен түскен табысқа өз бетімен иелік етеді. 16 күн – Орал, Астрахан, Шымкент театрларының гастрольдеріне арналды. Ресми шаралар үшін, соның ішінде мемлекеттік атаулы күндерге арналған шаралар 10 рет өткізілген. Қалған 253 күн сахна қандай да бір шаралармен босамай тұрған емес және театрдың өзінің иелігінде болды.

Алтынбек НЫСАНҒАЛИЕВ.Алтынбек НЫСАНҒАЛИЕВ.Театр жұмысының жоспарына келсек, 2014 жылы жоспарланған 8 премьераның тек 4-уі ғана сахналанды.

Осы жылы театрдың бұрынғы директоры А.Ықсан бірқатар қызметкерді жұмыстан негізсіз шығарған. 6 қызметкер еңбек инспекциясы арқылы, 2-уі – сот шешімімен жұмысқа кері алынды, 2-уі – сотта жұмыстан шығарылу туралы шешімді даулап жатыр.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында мәдениет басқармасы бірнеше рет тәртіп жазасы қолданылған А.Ықсанды еңбек міндеттемелерін тағы да орындамағаны үшін Еңбек Кодексінің 54-бабы 1-тармағы 13 тармақшасымен Махамбет атындағы облыстық драма театрының директоры лауазымынан босату туралы шешім шығарды.  

Театрдың бас режиссері қызметіне талантты режиссер-қоюшы Жаннат ТЕЛЬТАЕВ тағайындалды. Театр ұжымы көркемдік жетекші, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Төлеген ЖАНГЕЛДИЕВТІҢ директордың міндетін атқарушы болып тағайындалуын қолдады».  

Айнұр САПАРОВА  

8 қаңтар 2015, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.