Атырау, 25 қараша 07:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Парижде 12 адамды өлтірген терроршылардың кімдер екені анықталды

2 581 просмотра

Фото: ReutersФото: ReutersАлматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Парижде 12 адамды өлтірген терроршылардың кімдер екені анықталды, деп жазады француздық БАҚ-тар.

Мысалы, қылмыскерлердің жасы 34, 32 және 18-де. Олар Париждің оңтүстігіндегі Женвилье қаласында тұрады. Басқа мәліметтер бойынша, қылмыскерлер екі қалада – Париждің маңындағы Пантене мен Францияның шығысындағы Реймсе қалаларында тұрады. Сондай-ақ, олардың есімдері Шериф Куаши, Саид Куаши және Хамид Мураде делінген.

BFM телеарнасының қылмыстық хабар бөлім меңгерушісінің мәліметтерінше, барлық үш терроршы бұрын француз полициясына танымал болған. Бұл ретте арна өкілі қылмыскерлердің ұсталғанын растамады.

«Үшеуі де, полиция күдіктенгендей, жихадқа қатысу үшін 2003-2005 жылғы кезеңдерде еріктілерді тарту желісіне қатысты болған. Олар сондай-ақ 1995 жылдан Франция түрмелерінде отырған бірқатар терроршыларды құтқару бойынша жасалған 2010 жылы қылмыстық операцияға қатысты деп күдіктелген. Ол кезде ол әрекет сәтсіздікке ұшыраған», - деп хабарлады сарапшы.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Париж уақытымен 11.30 сағатта, Калашников автоматымен және граната атқышпен қаруланған, беттеріне перде киген беймәлім адамдар француздық Charlie Hebdo апталық редакциясында атыс жасап, белгісіз бағытта жасырынып кетті. Нәтижесінде 2 полицей мен редакцияның 10 қызметкері қаза болды. Олардың арасында белді карикатуршылар мен сықақ басылымның басшылығы болды. Мысалы, қаза болғандар арасында Стефан Шарбонье (лақап аты Charb), Жан Кабю (Cabu), Жорж Волински, Бернар Верльяк (Tignous) бар. 80 жасар Ж. Волински мен 76 жасар Ж. Кабю 1969 жылдан бастап шыға бастаған журналдың негізін қалаушылар еді. С. Шарбонье басылымның бас редакторы тұғын.

Одан басқа, шабуыл нәтижесінде 11 адам жарақат алды, олардың 4-еуі ауыр халде жатыр.

Шабуыл жасағандар «Аль-Каида» немесе «Ислам мемлекетті» тобына қатысты топтармен байланысты болуы мүмкін деп болжануда. Куәлардың айтуынша, шабуылдауылар «Біз Мұхаммед үшін кек аламыз!» деп айқайлаған.

Charlie Hebdo редакциясы 2011 жылы пайғамбар Мұхаммедтің карикатурасын жариялағаны үшін шабуылға ұшыраған. Кейін де журнал жариялап отырған материалдарға сын естігін.

Франция президенті Франсуа Олланд осы оқиғаны террорлық акті деп атады. Францияда антитеррорлық Vigipirate жоспары аясында дайындықтың ең жоғарғы деңгейі енгізілді.

Бұл терракті Францияда 1995 жылдан бергі ең ірі терракті болды. Ол кезде Париж метросында орын алған жарылыстардан 8 адам қаза болып, 179 адам жарақаттанған болатын. 

Дереккөз: ҚазТАГ

8 қаңтар 2015, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.