Атырау, 25 қараша 08:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнайдың төмен бағалары 2015 жылы сақталады – Дүниежүзілік банк

2 493 просмотра

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – Мұнайдың төмен бағалары 2015 жылы сақталады, делінген Дүниежүзілік банкінің (ДБ) «Жаһандық экономикалық перспективалар» атты баяндамасында.

«Мұнайдың жұмсақ бағалары, күтіліп отырғандай, 2015 жылы сақталады, және де бұл мұнай импорттаушы елдер мен экспорттаушы елдердің шынайы табыстарының айтарлықтай өзгерістерімен сүйемелденетін болады», - деп көрсетілген ДБ құжатында.

Сонымен қатар мұнай импорттайтын көптеген елдер үшін төменірек бағалар өсімге және инфляциялық, сыртқы және қазыналық қысымның төмендеуіне жәрдемдеседі.

«Дегенмен, мұнайдың әлсіз бағалары мұнайдың ірі экспортер-елдері үшін айтарлықтай ауыртпалықтар әкеледі, олар өсім мен салықтық-бюджеттік және сыртқы позициялар перспективаларының әлсіреуіне кері әсер ететін болады. Егер мұнай бағаларының төмендеуі сақталса, олар сондай-ақ жаңа зерттеулерге немесе жасалымдарға деген инвестицияларға зиянын тигізуі мүмкін», - деп атап көрсетілген зерттеуде.

ДБ даму перспективаларын талдау тобының директоры Айхан Козенің айтуынша, мұнай импорттаушы дамушы елдердегі саясаткерлер үшін мұнай бағаларының құлауы қазыналық саясат пен құрылымдық реформалар, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламалар жүргізуге мүмкіндіктер терезесін ашады.

«Мұнай экспорттайтын елдерде мұнай бағаларының дереу құлдырауы жоғары шоғырландырылған экономикалық қызметке тән айтарлықтай осалдық туралы еске салады және ортамерзімдік пен ұзақмерзімдік перспективада әртараптандыру жөніндегі күш-жігерлерді жандандыру қажеттілігін көрсетеді», - деп сендіреді ол.  

Дереккөз: ҚазТАГ

8 қаңтар 2015, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.