Атырау, 25 қараша 07:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бүгінгі лаңкестер емдеуге келмейді, оларды шетінен қыру керек – Рамазан Қадыров

1 979 просмотра

Бүгінгі күннің лаңкестері – адасқандар емес, олар қоғамның дерті, емдеуге келмейтін дерт. Оларды емдеу ешбір пайдасын бермейді, сол себепті оларды шетінен қыру керек, дейді Шешенстан президенті Рамазан Қадыров.

«Исламға, өз халқына және елінің заңына қарсы шыққандар қатаң түрде жазаланады. Лаңкестер 4 желтоқсанда Грозныйда жасаған лаңкестік акті елімізде екінші рет қайталанбайтындығына уәде беремін», - дейді шешен басшысы.

Қадыров Шешенстанда содырларға қарсы күрес белсенді қолға алынғандығын, барлық арнайы бөлімшелер әскери дайындықта екенін айтты.

«Лаңкестер орналасқан орындар жайлы хабар жетісімен, еш кідірместен ол жерге барып, ақпараттың анық-қанығына көз жеткіземіз. Мейлі ол Ингушетия, мейлі Дағыстан болсын, айырмашылығы жоқ. Қолға түскен содырлардың барлығын қырып-жоямыз», - дейді Қадыров.

Сонымен қатар, ол содырлармен күресте Шешенстан, Дағыстан және Ингушетияның құзырлы органдары мен үкіметі бірігіп әрекет етуі тиіс. «Егер де лаңкестермен күресте бірлесіп, жоспарлы түрде әрекет ететін болсақ, едәуір үлкен нәтижелерге қол жеткізер едік», - дейді ол.

Президент жаңа жыл мерекесі қарсаңында да қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін жеткізді. Сонымен бірге, ол терроризммен күресіп қана қоймай, елдегі ақшаға сатылатын шенеуніктерді елден қуу керектігін айтты.

«Мен бұл арсыз шенеуніктердің кім екенін жақсы білемін. Ел болып лаңкестікпен күресіп жатқанымызда, бұл сұрқия шенеуніктер де қарап отырмай, содырларға қол ұшын беріп келген. Оларды жайына қойсақ, елге қиянат етуін доғармайды. Сондықтан оларды тексеріп, айыбын дәлелдеп, Ресейден қуып шығу керек. Мемлекеттік Дума заң қабылдап, ФҚҚ, прокуратура және ІІМ бұл заңсыз ұйымдардың Ресей Федерациясына зиянын тигізбеуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы тиіс», - дейді Қадыров.

Дереккөз: bnews.kz

22 желтоқсан 2014, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.