Атырау, 25 қараша 07:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Аллаһу Акбарлап» 11 адамды қағып өткен адамның кім екені анықталды

2 937 просмотра

Бүгін Франция ІІМ басшысы Бернар Казнёв жексенбі күні ер адам көлігімен он бір адамды жарақаттаған Дижон қаласына барады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. 

Елдің ІІМ-нен мәлімдегендей, Renault Clio көлігін тізгіндеген 40 жастағы ер адамның кім екені анықталды. Ол 1990 жылдары жасаған жеңіл-желпі құқық бұзушылықтар үшін полицияда есепте тұрған екен. Сондай-ақ оның денсаулығында психикалық ауытқушылығы бар екені және бұдан бұрын жергілікті психиатриялық емханада дәрігерлердің қатаң қадағалауында болғаны белгілі болды.

Оқиға кезінде ер адам «Аллаһу Акбар» деп айқайлап, «пәкістандық балаларды» аузына алған. Бұл ақпаратты жергілікті телевизияға полицейлер кәсіподағының өкілі Мишель Боннэ хабарлады. Алайда ІІМ бұл деректі растамай отыр.

Қылмыскер қолға түскенімен, көлікте отырған екі жолаушы ізін жасырып үлгерген. Қазір оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

22 желтоқсан 2014, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.