Атырау, 28 қараша 00:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жер-онлайн

1 943 просмотра

Жер телімдерінің онлайн-дерекқорын құру жұмыстарының негізгі бағыттары құрамына облыстық кәсіпкерлік, жер қатынастары, сәулет басқармаларының, сондай-ақ, «AtyrauInnovations» ЖШС өкілдері кірген жұмыс тобының алғашқы отырысы барысында талқыланды.

Бұл - біздің Палатамыздың бастамасы. Электронды дерекқорға Атырау облысының индустриалды аймақтарында орналасқан жер телімдері туралы мәліметтер енгізілетін болады. Яғни, кез келген отандық немесе шетелдік инвестор ғаламтор арқылы аумақпен, ол жердегі өндірістің, инфрақұрылым нысандарының бар-жоғымен таныса алады. Бұл өңірге қосымша инвестиция ағымын қамтамасыз етуге тиіс, - деп есептейді Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ардақ ТӨКЕНОВА.

Біз Атырау қаласының қала құрылысы кадастрын әзірлеу шеңберінде облыс орталығының электронды картасы жасалып жатқандығын хабарлаған едік. Жұмыс тобының отырысында «Казгипроград-1» компаниясының мамандары осы картаның мүмкіндіктерін таныстырып өтті.

Соның арқасында кез келген ниет білдіруші белгілі бір нысанның қай жерде екенін, ол пайдаланылып жатыр ма, жоқ па және басқа да көптеген нәрсені біле алады. Мұндай мүмкіндіктерді индустриалды аймақтар бойынша да жасауға болады. Электронды карта өңделу кезеңінде, сондықтан егер сіз бізге индустриалды аймақтар бойынша мәліметтер ұсынсаңыздар, біз оларды картаға енгізе аламыз. Сол кезде жекелеген дерекқорды әзірлеу қажеттілігі жойылады, - деп атап өтті компания мамандары.

Отырыста жұмыс тобының мүшелері құзырлы органдардан индустриалды аймақтар бойынша қажетті ақпаратты сұрауды және оларды Атырау қаласының электронды картасына енгізу үшін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына ұсынуды ұйғарды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

11 желтоқсан 2014, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.