Атырау, 19 қазан 16:05
 дождьВ Атырау +21.3
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Болашақ медиктер бас жүлде алды

5 997 рет қаралды

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен жоғары және арнаулы орта оқу орындары арасында «Алтын күз» облыстық фестивалі өтті.

Студенттердің алдына қойылған міндет - Атырау өңірінің логотипінің үлгісін дайындау, күзгі киім үлгісін жасау және Атырау өңірінің мәртебесін көтеруге арналған әнді орындау болды.

Бас жүлде Атырау медицина колледжіне берілді. Әділқазылар шешімі бойынша І орын Атырау бизнес және құқық колледжіне, II орын APEС Petrotechnic колледжіне, ал, III  орын Атырау мұнай және газ технологиялық колледжіне бұйырды.

Айнұр САПАРОВА

11 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.