Атырау қаласындағы букмекерлік кеңселердің бірінің заңгері полицияға мекеме кассасынан екі есепшінің бірінің 4 млн теңгені, екіншісінің 500 мың теңгені иемденіп алғанын мәлімдеді. Күдіктілерге іздеу жарияланды.
***
Алмагүл ықшамауданының тұрғыны полицияға танысының үй құрылысын салу үшін жер телімін алып беруге көмектесемін деп 9 мың доллар алып, ғайып болғанына шағымданды. Ал, күдікті осыған ұқсас криминалдық эпизодтар бойынша тергелуші ретінде тергеу изоляторында қамауда еді.
***
Полиция 20 жастағы ұрыны ұстады. Ол 11 қарашада Балауса ықшамауданындағы жеке үйге кіріп,зергерлік бұйымдарды қолды қылған. Ол тергеу изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
***
Полицияға бірнеше күн ішінде 34 жастағы әйел әрекетінің құрбандығына айналған адамдардан 9 арыз түсті. Ол пәтер алып беруге көмектесемін деп, олардан ақша алып, ғайып болған. Түрлі эпизод бойынша алаяқтың олжасы бестен жеті мың долларға дейін жеткен. Күдікті осындай криминалды эпизодтар бойынша тергеу изоляторында.
***
Жастары 38 және 20-дағы екі ер адам ұсталды. Олар 30 қарашада Тельман көшесінің бойында тұрақта тұрған «Киа Спортейдж» көлігінің әйнегін сындырып, салоннан әйел сөмкесін ұрлап алған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
***
Полицияға 20 жастағы қыз хабарласты: құрбысы одан қарызға алған 100 мың теңгеге киім алып, қарызын қайтармапты. Тергеу жүргізілуде.
***
Желтоқсанның 5-де таңертең Бірлік поселкесінің маңындағы Атырау-Қарабатан тас жолында Kaessbohrer автобусы жолдан өтіп бара жатқан 30 жастағы Индер тұрғынын қағып кетті. Алынған зақым салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Тергеу жүргізілуде.
***
Аққыстау поселкесінің жанармай құю бекетінде 7 желтоқсанда мас адам ВАЗ-21099 көлігін ұрлап айдап кетпекші болған. Бірақ көлік қожайыны мен басқа жүргізушілер оны ұстап, полицияға тапсырды.
В Атырау +4