Атырау, 17 мамыр 11:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Литвада мас депутаттарды отырыстан шығарып жіберу ұсынылды

1 254 просмотра

Литваның Отан-христиан демократтар оппозициялық одағының депутаты Кястутис Масюлис ішімдік ішкен депутаттарды отырыс залынан күн соңына дейін шығару туралы парламент жарғысына енгізілген түзетуді тіркеді. Депутаттардың басым бөлігі өз әріптесін парламент кеңсесі беретін алкотестер арқылы тексеруге шешім қабылдауы мүмкін. Егер депутат тексерістен өтуден бас тартса, онда ол мас болып есептеледі. Бұл депутатқа жұмыс күні үшін ақша төленбейді.

"Отырыс залында жұмыс жасап жатқанда кей кездерде кейбір депутаттардың ішімдікке салынып, жұмысқа сол күйі келетіндей болып көрінеді. Тұтас бір ел үшін маңызы бар шешімдерді қабылдауда мұндай жауапсыздық мемлекет пен оның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін. Жүргізуші, дәрігер және құрылысшы сияқты басқа жұмысшылар жұмысқа мас күйінде келсе, оларды жазалайды, ал депутаттарды әлі күнге тіпті тексеруге де болмайды. Еңбек кодексінің шарттары әлі күнге парламент Жарлығына енгізілмеді, бірақ депутаттарды бөліп-жарудың қажеті жоқ", - деді Масюлис. Ол ішімдікке салынған депутаттарды тәртібі түзелетініне үміті барын айтты.

Осыған дейін парламенттің Бюджет пен қаржы жөніндегі комитеттің басшысы Бронюс Брадаускас ішімдікке салынған деген күдік келген болатын. Алкогольге тексеру туралы ұсыныс жасалғанда ол отырыс залынан шығып кетті.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 желтоқсан 2014, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.