Атырау, 28 қараша 00:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

2,7 млрд теңгеге жылжымайтын мүлік жария етілді

1 691 просмотра

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде мүлік пен ақшаны жариялауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Жариялау процесі елімізде биылғы жылдың қыркүйегінде басталды, ол 2015 жылдың аяғына дейін жалғасады. Үш ай ішінде Атырау облысының шегінде жылжымайтын мүлікті жариялауға 224 өтініш түсті, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге тұрғын үй нысандары және 1,3 млрд теңгеге тұрғын емес нысандар жария етілді. Шетелдегі мүліктерді «көлеңкеден шығару» жағдайлары әзірге тіркелген жоқ. Екінші деңгейлі банктерде ақша қаражаттарын жариялау туралы өтініштер де түспеді.

Процесс еш кедергісіз болуы тиіс деп ресми түрде мәлімделді. Бірақ әрі қарай салық салу үшін нысандарды бағалау құны аса жоғары екендігіне шағымдар түсіп жатыр. Бәлкім, бұл мәселені реттеп, белгілі бір бағаны бекіту керек шығар, - деп есептейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің талдау және тәуекелдер басқармасының бастығы Айгүл РЗАҒҰЛОВА.

Жариялау қарқыны бойынша біздің облысымыз елімізде 11-орында тұр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 желтоқсан 2014, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.