Атырау, 4 қазан 00:24
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қос өліммен аяқталған апат

4 259 просмотра
5 желтоқсанда таңертеңгі сағат 9-да Атырау-Индербор тас жолында Томарлы поселкесінің маңында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.
 
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 33 жастағы "Дэу-Матиз" көлігінің жүргізушісі, Атырау қаласының тұрғыны қарсы жолаққа шығып кетіп, оның көлігі қарсы келе жатқан ПАЗ автобусына соқтығысқан. 
 
«Матиз» "Дэу" көлігі тобының ең кішкентай моделі болып табылады. Апат нәтижесінде сол жерде "Матиздің" 33 және 3 жастағы жолаушылары қаза болып, жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. 
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
7 желтоқсан 2014, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.