Атырау, 4 маусым 19:28
 дождьВ Атырау +26.1
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Қытайда туннель опырылып, 20-дан аса жұмысшы үйінді астында қалды

1 765 рет қаралды

5 желтоқсанда Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясында жаңа жылдамдықты автомобиль тасжолында құрылысы жүріп жатқан туннель опырылып, 20-дан аса жұмысшы үйінді астында қалды. 

 Орталық Қытай теле арнасынан хабарлағандай, оқиға Лунъянь қаласының маңында орын алған. 30 метрлік өткел опырылып кеткен, құтқарушылардың айтуынша, туннельді басып қалған топырақтың көлемі шамамен 5 мың текше метрді құрайды. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге тұсауда қалған құрылысшылар жайында еш мәлімет жоқ.

Тасжол Фуцзяньдағы Сямэнь қаласын Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы – Чэнду қаласымен жалғауы керек болатын.

Дереккөз: bnews.kz

5 желтоқсан 2014, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.