Атырау, 5 желтоқсан 10:16
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ұрылар бірігіп кәсіп қылған

3 477 рет қаралды

Атырау қаласында негізінен көліктерден ұрлық жасауды кәсіп қылған екі ұры ұсталды.

Олар аулалар мен кеңселердің жанында тұраққа қойылған қымбат көліктерді ашып, ішінен бейқам қожайындары қалдырған бағалы заттар мен ақшаларды қолды қылып отырған. Бұл әрекеттерді олар полицейлердің бақылау камералары жарақталмаған жерлерде жүзеге асырған.

Қараша айында олар бірге 6 көлік және 2 пәтер ұрлығын жасаған. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, жақында екеуі де – Атырау қаласының 20 жастағы тұрғыны мен қала маңындағы Балауса поселкесінде тұратын оның құрдасы  ұсталды

Ұсталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 желтоқсан 2014, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.